RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ЛОРД» КММ сайтына қош келдіңіздер

11 маусымда ЛОРД лицейінде жас мамандарға арналған “Кәсіби бастау: қолдау, тәжірибе, даму” атты дөңгелек үстел өтті. Еңбек өтілі 1-2 жылды құрайтын жас мамандар: Симонова З.В., Рудь М.В., Костина А.А., Құрмаш А.Б., Ғалымжанов М.С., Гаманко С.Ю. оқу жылының қорытындыларымен бөлісті — оқушыларының жетістіктері, әдістемелік жұмыс, ғылыми-зерттеу қызметі және болашаққа арналған жоспарлар талқыланды.

Тәлімгерлер: Заиченко Ю.А., Степанова О.Н., Коломиец Т.Н., Махмутова С.С. және Рура А.А. жас мамандардың жауапкершілігін, өзіндік дербестігін, қызығушылығын атап өтіп, бұл қарым-қатынастардың ынтымақтастыққа, жас пен тәжірибенің одағына негізделгенін бірауыздан атап өтті.