RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

“ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты” КММ сайтына қош келдіңіздер

Мектеп оқушыларының өмірлік құндылық, жеке және әлеуметтік әл-ауқаттың негізі ретінде салауатты өмір салтын сақтауға деген ынтасын қалыптастыру үшін лицейде «Салауатты өмір салты: табысты болашақтың негізі» атты сынып сағаты өтті. Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні аясында лицей оқушылары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің адам денсаулығына ықпал ететін күнделікті әдеттер мен әрекеттер туралы баяндамасын тыңдады. Іс-шара барысында оқушылар дұрыс тамақтанудың, күнделікті тәртіптің, дене белсенділігінің, эмоционалдық әл-ауқаттың және зиянды әдеттерден бас тартудың маңыздылығын талқылады. Әр адамның өз денсаулығына деген жеке жауапкершілігіне және жас кезінен бастап салауатты әдеттерді дамытуға ерекше назар аударылды.