RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

“ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты” КММ сайтына қош келдіңіздер

Ұлттық кітап күніне арналған онкүндік аясында лицейдің бастауыш сынып оқушыларымен «Журнал беттеріндегі ғажайыптар» атты қызықты іс-шара өткізілді.
Оқушылар журналдардың жарқын әрі танымдық әлеміне саяхат жасап, әр беттен жаңалықтар мен таңғажайып деректерге қанықты. Олар қызықты ақпараттарды іздеп тауып, мақалаларды оқып, суреттерді тамашалап, өз тапқан мәліметтерімен сыныптастарымен бөлісті.
Әрбір қатысушы өзін нағыз зерттеуші ретінде сезінді: балалар жануарлар, табиғи құбылыстар, ғылыми жаңалықтар мен қызықты оқиғалар туралы әңгімеледі. Іс-шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, оқу дағдыларын және көпшілік алдында сөйлеу қабілеттерін дамытуға ықпал етті.