Анель Мустафина оқыған кітабы бойынша буктрейлер ұсынып, басты назарды кейіпкердің ішкі әлеміне аударған.
Бейнежазбадағы көркем образдар мен атмосфера арқылы автор кейіпкердің жан дүниесіндегі күйзелісін - күмәнін, қорқынышы мен үмітін нәзік жеткізе біледі. Көрермен кейіпкермен бірге күту сәттерін, ішкі тартысты және эмоциялық шиеленісті бірге өткендей әсер алады.
Бұл буктрейлер кейіпкердің сезімдері мен шешімдері қалай қалыптасатыны, күтудің күші және оның тағдырға әсері туралы ішкі күйзелістердің кейде сыртқы оқиғалардан да маңызды болатыны туралы ойлануға жетелейді!
Жұмыс терең, сезімге толы әрі шынайы әсерлі шыққан - ол тек оқиғаны баяндап қоймай, оны сезінуге мүмкіндік береді.
