Бүгін үзіліс кезінде мектебімізде ерекше көңілді атмосфера орна, фойеде «Еркін микрофон» ұйымдастырылды! Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өздерінің сүйікті шығармаларымен бөлісті, қызықты сюжеттерді еске алды. Бірі классикалық әдебиет туралы айтса, енді бірі қолынан тастай алмайтын заманауи кітаптарды таныстырды. Әркім өз ойын еркін жеткізіп, өзгелерді тыңдап, өзіне жаңа кітап таба алды.
Осындай кездесулер кітап оқудың тек пайдалы ғана емес, сонымен қатар қызықты екенін көрсетеді!
