RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

“ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты” КММ сайтына қош келдіңіздер

«Шабыт» жобасын жүзеге асыру аясында лицейдің 5–7 сынып оқушылары С. Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрына барды. Оқушылар назарына екі жастың әдемі махаббат хикаясын баяндайтын «Махаббат әні» музыкалық-пластикалық қойылымы ұсынылды.
Спектакль Мұзафар Әлімбаевтың «Естай–Қорлан» поэмасының желісі бойынша қойылған. Қойылым барысында кейіпкерлер өз сезімдерін ән мен өлең арқылы жеткізіп, сахнаға ұлттық дәстүр мен терең эмоциялық әсер берді.
Әсерлі хореографиясымен музыкалық сүйемелдеуімен ерекшеленген бұл қойылым оқушыларға терең әсер қалдырды.
Спектакль оқушылардың эстетикалық талғамын дамытуға, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға және театр өнеріне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті!