RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

“ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты” КММ сайтына қош келдіңіздер

«Балалар кітапханасы» жобасые жүзеге асыру мақсатымен, жаратылыстану ғылымдары онкүндігі аясында лицей кітапханасында тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Бұл сөре сіздерді ашылулар, тәжірибелер мен ғылыми құпиялар әлеміне қызықты саяхатқа шақырады. Мұнда физика, химия, биология және басқа да ғылымдар бойынша қызықты әдебиеттер, таңғаларлық деректер жинақталған буклет, және көзқарастарыңызы кеңейтетін ғылыми-танымдық журналдар бар.
 Ғылым — бұл тек формулалар мен заңдар ғана емес. Ол — әлемді танудың кілті, шабыт көзі және таныс нәрселерге жаңа көзқараспен қарау мүмкіндігі. Келіңіздер, таңданыңыздар және шабыт алыңыздар! Мүмкін, дәл осы жерден сіздің болашақ ашуларыңыздың жолы басталар!