2022 ж. 8 қыркүйек күні лицейде "Көмек қолын созу" акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен жерлестерімізге көмек көрсету болды. Лицейдің оқушылары, ата-аналары, қызметкерлері мен педагогикалық ұжымы осы акцияға белсене қатысты. Акция барысында кеңсе тауарлары, азық-түлік, балалар киімдері жиналды. 9.09.2022 ж. гуманитарлық көмек "Атамекен" Кәсіпкерлер палатасына әрі қарай Қостанай қаласына жолдау үшін жіберілді.
https://www.facebook.com/100035285709037/videos/2351226775026017/