RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

“ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты” КММ сайтына қош келдіңіздер

Патриоттық өзін-өзі тануды нығайту, физикалық және адамгершілік қасиеттерді дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық жұмыс дағдыларын дамыту мақсатында лицейде «Алау» спорттық-далалық ойыны өтті.
Бағдарлама мазмұнды және алуан түрлі болды. Қатысушылар «Интеллектуалды» станциясында тарих туралы білімдері мен тапқырлықтарын; «Жас қорғаушы» станциясында ептіліктері мен төзімділіктерін; «Таяқ тарту» ұлттық ойынында күштері мен командалық рухтарын; ал «Кім шапшаң» кезеңінде жылдамдықтары мен ептіліктерін көрсетті.
Әсіресе, дәлдік пен зейін қою маңызды болған «Баскетбол мергені» және «Нысанаға дәл тигізу» жарыстары қызықты болды. «Тулар үшін күрес» станциясында тактика мен командалық бірлікті талап ететін жеңіс үшін нағыз шайқас болды.
Ойын достық пен өзара қолдау атмосферасында өтті.