Лицейде төртінші сынып оқушыларының «Өсу қадамдары» атты электронды портфолиоларының тұсаукесері өтті. Әрбір оқушы тапсырмаға шығармашылықпен қарады. Біреулері оқуы мен жетістіктеріне, басқалары отбасылары мен қызығушлықтарына, ал үшіншілері армандары мен болашақ мамандықтарына назар аударды.
Лицей оқушылары тек презентациялар жасап қана қоймай, өздерінде ұнайтын нәрселермен және нені өзгерткісі келетінімен бөлісті, болашақ, отбасылары және достары туралы талқылады. Портфолиолар әртүрлі болып шықты, әдемі, нақты және ерекше.
Оқушыларға идеялар мен портфолио дизайнымен көмектескен ата-аналарға ерекше алғыс білдіреміз!




