RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

“ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты” КММ сайтына қош келдіңіздер

Оқушылар Германияның қолданбалы ғылымдар университеті Anhalt International University филиалына және Нью-Йорк киноөнер академиясының филиалына түсу мүмкіндіктері туралы білді. Оқу ағылшын тілінде жүргізіледі және шетелде білімін жалғастыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқушыларға Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің гранттық бағдарламалары және Германия, Қытай, Италия мен Ресейдегі серіктес жоғары оқу орындарымен қос дипломды білім беру бағдарламалары таныстырылды.
Кездесу қызықты әрі белсенді форматта өтті: қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, пайдалы ақпарат алды.