3 қыркүйек күні лицейдің әлеуметтік педагогымен бірге "Барлығымыз бірге" атты тренинг өтті. Бұл тренингтің мақсаты-ұжымды біріктіру және тиімді командалық өзара іс-қимылды құру, сондай-ақ жаңадан келген оқушыларды мектепке бейімдеуге көмектесу.
Тренинг барысында балалар өздері ұсынған жаттығуларды қызығушылықпен орындады. Рефлексия нәтижелері бойынша тренингтік сабақ сәтті өтті деп айтуға болады.