18 сәуірде "Абылай хан резиденциясы" мұражай кешенінде СҚО мәдениет басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы ұйымдастырған "СҚО тарихи, сәулет, археологиялық орындары" облыстық шығармалар конкурсының қорытындысы салтанатты түрде шығарылды.
Шығармалар байқауына 5-11 сынып аралығында әр түрлі жастағы 120 оқушы қатысты. 10 А сынып оқушысы Колесников Роман 3 орынға ие болды. М. Жұмабаев ауданының тумасы ретінде ол өз шығармасын атақты жерлесі Мағжан Жұмабаевқа арнады. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар және сыйлықтармен марапатталды, ғылыми жетекшілер қазақ және орыс тілдерінде "СҚО киелі орындары" кітабын сыйлыққа алды.