RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

“ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты” КММ сайтына қош келдіңіздер

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында лицейдің кәсіподақ ұйымы біздің ардақты да аяулы әйелдерімізді шын жүректен құттықтады!
Осы жылы көктемнің шуақты күнінде алғысқа толы жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды. Лицейіміздің әйелдеріне олардың еңбегіне, қамқорлығына, даналығына және ұжымымыздың дамуына қосқан үлесіне деген құрмет пен ризашылықтың белгісі ретінде сыйлықтар мен гүлдер табысталды.
Құрметті әріптестер! Өмірлеріңізде әрдайым қуанышқа, шабытқа және бақытқа орын болсын. Әр күніңіз күлкіге, жылулыққа және берекеге толы болып, жан-жақтарыңызда әрдайым жақын әрі сүйікті жандарыңыз болсын.
Көктемнің, сұлулық пен нәзіктіктің мерекесі – 8 Наурыз мерекесі құтты болсын!