Бастауыш сыныптар апталығы аясында лицей кітапханасында «Мен оқимын, менің отбасым да оқиды» атты фоточеллендж өтті. Іс-шара «Балалар кітапханасы» жобасын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
Отбасылық оқу — ата-аналар мен балалардың бірге жиналып, әсерлерімен бөлісіп, жаңа оқиғаларды ашатын ерекше сәттер. Осындай жылы кештер кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, ең маңызды құндылықтарды — отбасыны, мейірімділік пен қолдауды нығайтады. Челленджге қатысып, оқудың шынымен де біріктіретінін дәлелдеген барлық отбасыларға алғысымызды білдіреміз.






