RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

“ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты” КММ сайтына қош келдіңіздер

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бүгінгі күні тәрбие жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау жасөспірімдерге заңға бағынатын мінез-құлықты саналы түрде таңдауға көмектеседі.
Лицейде білім алушылардың Бірінші бөлім полициясы аға жедел уәкілі, полиция капитаны Бектұров Берік Ерікұлымен кездесуі өтті. Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі, интернет қауіпсіздігі және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері қарастырылды. Осындай іс-шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға бағыну мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.