RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

“ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты” КММ сайтына қош келдіңіздер

Біздің лицейімізде барлық кітапсүйер қауымды біріктіретін және кітап пен біліммен бөлісудің маңызын еске салатын Халықаралық кітап сыйлау күніне арналған іс-шаралар өтті.
Бұл күні оқушылар кітапхана қорын көркем және танымдық әдебиеттерімен толықтырып қана қоймай, бір-біріне және ұстаздарына да қуана кітап сыйлады. Жылы лебіздер мен шынайы тілектер мерекенің шырайын кіргізіп, ерекше әсер сыйлады.
Кітап жай ғана сыйлық емес. Ол - көңілмен, қамқорлықпен және шабытпен бөлісудің белгісі. Лицей оқушыларының белсенділігінің арқасында бұл күн ұрпақтарды жақындастыратын игі дәстүрдің жарқын үлгісіне айналды.
Акцияға қатысқан барлық жандарға белсенділігі, жомарттығы және кітапқа деген сүйіспеншілігі үшін алғыс білдіреміз! Кітап әрдайым ең құнды сыйлық әрі сенімді дос болып қала берсін.