RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

“ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты” КММ сайтына қош келдіңіздер

Оқушылардың болашақ кәсіби өзін-өзі анықтауына бағытталған мақсатта лицейде 2–11 сынып оқушылары арасында «Мамандықтар әлемінде» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары ойын түрінде ересектердің қандай мамандықта жұмыс істейтінін білді, болашақ мамандығы туралы армандарымен бөлісті, сурет салып, тақырыптық тапсырмаларды орындады; орта буын оқушылары мамандықтардың қоғам өміріндегі маңызын талқылап, өз қызығушылықтары мен бейімділіктері туралы айтты, викториналар мен шағын пікірталастарға қатысты; ал жоғары сынып оқушылары кәсіби жолды таңдау, сұранысқа ие мамандықтар және табысты мансап үшін қажетті жеке қасиеттер туралы ой қозғады.
Мұндай сынып сағаттары оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, өз мүмкіндіктері туралы ойлануына және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға алғашқы қадам жасауына көмектеседі.