30 қаңтар күні лицейіміз өз түлектерін тағы да қуана қарсы алды! Жылы әрі жайлы атмосферада дәстүрлі «Түлектермен кездесу кеші» өтті.
Бұл күні әр жылдары түлеп ұшқан түлектер лицейден кейінгі өмір жолдары туралы әсерлі әңгімелерімен бөлісіп, жетістіктері мен болашаққа жоспарларын ортаға салды. Сондай-ақ олар туған лицейдің ыстық ұясына қайта оралып, ұмытылмас естеліктерді жаңғыртты. Осындай кездесулер ЛОРД лицейінің тек білім ордасы ғана емес, өмір бойы байланысы үзілмейтін үлкен де тату отбасы екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.




