«Заң және тәртіп» айлығы аясында 5-сынып оқушылары үшін лицей кітапханасында «Заң және ертегілер» атты қызықты іс-шара өткізілді.
Бұл күні көпке таныс ертегілер жаңа қырынан танылды. Оқушылар сүйікті ертегі кейіпкерлерін еске алып, олардың іс-әрекеттерін заң тұрғысынан талқылады. Қасқыр Қызыл телпектің құқықтарын бұзды ма? Бауырсақтың ата-әжесінен қашуға құқығы болды ма? «Үш торай» ертегісінде кім және не үшін жауап беруі керек? Мұндай сұрақтар балалардың қызығушылығын арттырып, қызу пікірталас тудырды.
Оқушылар өз ойларын еркін айтып, пікір алмасып, заң мен тәртіптің тек ертегілерде ғана емес, шынайы өмірде де маңызды екенін түсінді. Іс-шара балаларға адамның құқықтары мен міндеттері оның іс-әрекеттерімен тығыз байланысты екенін, ал заңды сақтау — тәртіп пен қауіпсіздіктің негізі екенін ұғындыруға көмектесті.

