RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

“ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты” КММ сайтына қош келдіңіздер

Бүгін, 28 қаңтар күні, елімізде дәстүрлі түрде өткізілетін «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жалпыұлттық оқуға арналған жаңа шығарма таңдалды. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан кітапханашылар қауымдастығының қатысуымен, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен құрылған арнайы комиссияның шешімімен 2026 жылға оқуға ұсынылатын кітап ретінде Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» шығармасы таңдалды.
Аталған акция оқуға деген қызығушылықты арттыруға, ұлттық әдебиетті насихаттауға және қоғамды бір кітаптың төңірегінде біріктіруге бағытталған. Оқырмандарды «Бір ел – бір кітап» акциясына белсенді қатысып, таңдалған шығарманы бірге оқуға және рухани дүниемізді байытуға шақырамыз!