«Заң және тәртіп» идеологемасы аясында ЛОРД лицейінде педагогтер мен қызметкерлерге арналған экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға полиция майоры Жанспаев Р.А., полиция майоры Нурахметов Е.Н., сондай-ақ Төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғау капитаны Жумажанов Ж.Е. қатысты.
Кездесу барысында келесі мәселелер қарастырылды:
• білім беру ортасында экстремизм мен радикалдануды алдын алу;
• білім алушылардың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастырудағы педагогтердің рөлі мен құқықтық жауапкершілігі;
• қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері;
• лицейде қырағылық пен қауіпсіздік мәдениетін арттыру.
Өткізілген кездесу бейінді қызметтермен өзара іс-қимылды нығайтуға, ұжымның құқықтық және кәсіби сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ қауіпсіз әрі тұрақты білім беру ортасын қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай тәсілді қалыптастыруға ықпал етті.

