2022 жылдың 18 қарашасында "Дарынды балаларға - талантты ұстаз" олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Бұл олимпиада Жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін іске асыру және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бас жүлдемен әлеуметтік ұстаз Зура Болатқызы Накенова және география пәнінің мұғалімі Роман Русланович Гиричев қатысушы сертификатымен марапатталды.

