Бұл — ғажайыпқа толы кез, алайда кей жағдайларда оның соңы қайғыға ұласуы да мүмкін.
Жыл сайын пиротехникадан ондаған бала зардап шегеді.
Бұл санның артында — баланың ауыр жарақаты мен алдын алуға болатын өкінішті жағдайлар жатыр.
Отшашу мен петарда — ойыншық емес!
Олар — балаға қауіп төндіретін жарылғыш заттар.
Қауіпсіздік ережелерін қаперде ұстаңыздар:
18 жасқа толмағандарға пиротехника сатуға қатаң тыйым салынады. Егер балаға петарда сатып тұрғанын көрсеңіз — бей-жай қарамаңыз, бұл — заңға қайшы әрекет.
Балаларға отшашуды өз бетінше жағуға мүлде болмайды. Тіпті «зиянсыз» көрінгеннің өзін де тек ересектер ғана жағуы тиіс.
Пиротехниканы үй ішінде, балконда және тұрғын үйлердің маңында атуға немесе қолдануға болмайды.
Балалардың амандығы — сіздің қырағылығыңызға байланысты!

