RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

“ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты” КММ сайтына қош келдіңіздер

"Балалар кітапханасы" жобасын жүзеге асыру үшін лицейдің 3-сынып оқушыларымен «Ертегілер әдемінде» атты қызықты кітапханалық сабақ өтті. Оқушылар сиқырлы ертегілер әлеміне саяхат жасап, сүйікті шығармаларындағы белгілі ертегі кейіпкерлері мен оқиғаларын еске алды.
Сабақ барысында ертегілер бойынша викторина ұйымдастырылып, балалар өздерінің білімділігі мен зейінділігін көрсете отырып, тапсырмаларды сәтті орындады. Оқушылар тақырыптық суреттерді қызығушылықпен бояп, сондай-ақ заманауи форматтағы кітаптармен танысты — QR-кодтар арқылы жаңа жылдық тақырыптағы ертегілерді оқыды.
Іс-шара достық әрі шығармашылық атмосферада өтіп, балаларға жағымды әсер сыйлап, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырды.