Қазақстан Республикасы күні қарсаңында, лицей интернатында тұратын оқушылар үшін патриоттық, ұлттық тәрбиені насихаттау мақсатында "Абылай хан резиденциясы" мұражай кешеніне шығу ұйымдастырылды. Балалар мұражайдың төрт залына барып, оның экспозициясымен танысты. Білім алушылар Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіші болып табылатын Абылай үйі туралы ақпарат алып, өз елінің және халқының тарихы туралы білімдерін кеңейтті.
