ЛОРД лицейінде Өрлеу курсанттары үшін "Білім берудегі тәлімгерлік - жас мұғалімнің кәсіби қалыптасуындағы педагогикалық шеберлікті арттырудың маңызды шарты" тақырыбында тәжірибелік сабақтары өткізілді. Курс тыңдаушылары тәлімгерлер Т. В. Мига, Ю. А. Плескацевич және жас мамандар Т.А. Горшкова мен А. С. Гриппенің панорамалық сабақтарына қатысты. Орыс тілі мұғалімі С.М. Камзинова мен информатика пәнінің мұғалімі В. Н. Ибрагимовтың тәжірибелерінен үзінділер тамашалады. Биология пәнінің мұғалімі О. Н. Степанованың зерттеуді ұйымдастыру бойынша шеберлік сыныбына қызығушылық танытты.Топ жетекшісі, профессор А. Ж. Мырзалинова лицейдің тәлімгерлік жұмысына жоғары баға берді. Курсанттар лицейдің жас мамандармен жұмысының оң жолға қойылғанын атап өтті. ЛОРД лицейінің ұжымына сәттілік тілеп, алғыс білдірді.
https://www.facebook.com/100035285709037/videos/561772355711761/