ЛОРД лицейінің 9Б сынып оқушысы Демков Егор жүзуден Республикалық «Алтай жұлдызы» турнирінде жеңіске жетіп, үздік нәтижелер көрсетті:
🥇 50 м еркін жүзу – алтын медаль
100 м баттерфляй стилі -алтын медаль
50 м баттерфляй стилі -алтын медаль және жарыстың жаңа рекорды!
🥈 100 м еркін жүзуден – күміс медаль
Сонымен қатар, ол жүзуден спорт шеберінің нормативін орындады, бұл оның тынымсыз еңбегінің, таланты мен кемелдікке деген ұмтылысының нәтижесі болды!
ЛОРД лицейі оқушыларын тек білім беру ортасында ғана емес, сонымен қатар олардың спорттағы және оқудан тыс жетістіктерін де қолдайды. Үйірмелерде және басқа да сыныптан тыс жұмыстарда мүдделерді дамыту жеке тұлғаны жан- жақты дамытудың кілті екеніне сенім артамыз.