Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 11-сынып оқушылары үшін М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Қонақтар университет, оның факультеттері, білім беру бағдарламалары, сондай-ақ қабылдау ережелері, құжаттарды тапсыру мерзімі және түсу ерекшеліктері туралы ақпартпен бөлісті. Түрлі мамандықтарға түсу үшін қажетті ҰБТ-ның бейіндік пәндерін таңдауға ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ, университет өкілдері гранттық және коммерциялық негізде оқыту мүмкіндіктерін, қос дипломды білім беру бағдарламасының артықшылықтарын және жұмысқа орналасу перспективалары жайлы толық түсіндірді.
Әңгімеде өңірдің де, тұтастай алғанда бүкіл елдің экономикасының қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келетін ең сұранысқа ие мамандықтарға ерекше назар аударылды. Түлектер бүгінгі таңда қандай мамандықтар сұранысқа ие екенін және табысты кәсіби мансап үшін оқу бағытын қалай дұрыс таңдау керектігін білді. Кездесу соңында университет өкілдері әр қатысушыға ЖОО-на түсу ережелері және дайындық бағыттары туралы толық мәліметтерді қамтитын ақпараттық буклеттер таратты.