RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ЛОРД» КММ сайтына қош келдіңіздер

Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша полиция қабылдап жатқан шаралар туралы ақпаратты жеткізу мақсатында ПБ УҰИ бастығы, полиция майоры,А .Б. Канапин 8-11 сынып оқушыларымен әңгімелесті.
Әңгімелесу барысында қызметтік практикадан мысалдар келтірілді, жолдардағы қауіпсіздік мәселелері, оның ішінде шағын электр көліктерін пайдалану кезінде, "буллинг", "кибербуллинг" және "құмар ойындар"мәселелері қозғалды. Зиянды заттарды қолданудың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оқушыларға ҚР заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді. Әңгіме аяқталғаннан кейін оқушылар осы құқықтық тақырып бойынша сұрақтар қойды.