15 маусым күні «ЛОРД» лицейінде 9-сынып түлектеріне негізгі орта білім туралы куәліктерін табыстау салтанаты өткізілді! Биыл негізгі орта білім туралы куәлікті 69 түлек иеленді.
Лицейіміздің ерекше мақтанышына оқу үлгеріміндегі жоғары жетістіктері үшін үздік куәлікке ие болған үш оқушы ерекшелінді:
Цимбал Богдан
Шпанов Захар
Шабаева Елизавета
Түлектерімізді мектеп өміріндегі маңызды кезеңнің сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге өз күштеріңізге сенімділік, жаңа жетістіктер мен алға қойған мақсаттарыңызға жету жолында жарқын жеңістер тілейміз! Болашақтарыңыз жарқын, қадамдарыңыз нық болсын!




