Облыстың барлық үздік оқушылары Петропавл қаласының орталық алаңына жиналып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрмұхамбетов Ғауез Торсанұлының қолынан «Алтын белгі» төсбелгісін салтанатты түрде қабылдады.
Үздіктердің қатарына енген біздің түлектерде бар, олар:
Воробьева Софья
Жаров Алихан
Усольцева Антонина
Хамидулин Эмиль
Сіздер табандылықтың, еңбекқорлықтың және білімге деген құштарлықтың жарқын үлгісісіздер. Бұл жоғары марапат көп жылғы еңбектің, ұстаздар мен ата-аналардың қолдауының және өздеріңіздің қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі.
Құрметті түлектер, сіздер лицейіміздің мақтанышысыздар! Алдағы өмір жолдарыңыз ашық болып, білім мен еңбектің арқасында жаңа белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз!
