Наурыз мейрамын тойлау аясында 16 наурыз күні лицей кітапханасында Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне арналған «Наурыз микс» атты интерактивті үзілістер өтті.
Орта буын оқушылары танымдық әрі қызықты тапсырмаларға қатысып, ребустар мен жұмбақтарды шешіп, викторина сұрақтарына жауап беріп, өздерінің білімін және тапқырлығын көрсетті. Оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырған, қазақ халқының бай дәстүрінің бір бөлігі болып саналатын, ұлттық ойындар - асық және тоғызқұмалақ болды.
Жылы атмосферада оқушылар ойнап, еркін әңгімелесіп қана қоймай, тәттілерден де дәм татты. Осындай іс-шаралар балалардың Наурыз мейрамының табиғаттың жаңаруын, достық пен бірлікті білдіретін дәстүрлері туралы білімдерін кеңейтуге көмектеседі.
Интерактивті үзілістер көңілді әрі танымды өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, уақыттарын пайдалы өткізуге мүмкіндік берді.













