RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

23 мамырда ЛОРД лицейінде «Слёт талантливых и одаренных» атты дәстүрлі іс-шара өтті. Іс - шара аясында оқу жылындағы жеңістері мен жетістіктері біздің лицейге құрмет пен даңқ әкелген оқушылар марапатталды, олардың ішінде 71 оқушы – республикалық және облыстық деңгейдегі олимпиадалардың, ғылыми және зерттеу жобалары конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, 79 оқушы-спорттық, зияткерлік, музыкалық және эстетикалық бағыттардағы қосымша білім беру сабақтарында жеңімпаз және жүлдегерлер. Лицейдің 22 педагогы республикалық деңгейдегі жүлдегерлерді дайындағаны үшін алғыс хаттар алды, сондай-ақ республикалық деңгейдегі жүлдегерлердің ата-аналарына алғыс хаттар табысталды. Слетте «Жыл Лицейшісі 2024» байқауының жеңімпаздарының есімдері айтылды, олар: Адамян Марэта (11а), Амангелді Досмадияр (10б), Карабалин Егор (7а), Касаткина Евгения (6а), Мардасова Мария (2). «Bonus Lord» лицей бағдарламасының қорытындысы шығарылды, оқу жылында 2-сынып, 6а-сынып, 7а-сынып, 11а-сынып жеңімпаздары атанды. Лицейдің 17 оқушысы «Жыл оқырманы»атағына ие болды. Іс - шара соңында 11 сынып оқушылары лицей өзін-өзі басқару комитеттері жетекшілерінің өкілеттіктерін қабылдаушыларына, 9-10 сынып оқушыларына тапсырып, қатысушыларға «Түлектер вальсі» атты әдемі би сыйлады.

 

 

 

 

 

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары