Балалардың өмірі мен денсаулығының басымдығы, оның ішінде сапалы тамақтануды ұйымдастыру мәселесі денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарының бірі болып табылады. Лицейде тамақтануды ұйымдастыруды бақылау мақсатында медицина қызметкері күн сайын журналға жазбалар енгізе отырып, дайын тағамдарға органолептикалық бағалау жүргізеді. Ай сайын ата-аналар жұртшылығының өкілдері кіретін тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі Комиссия тамақ өнімдерін дайындау және өткізу кезінде санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуы бойынша сапалы, теңгерімді тамақтануды, жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады.
8 сәуірде құрамына лицейдің ата-аналары кірген Комиссия мониторингтік топтың жұмысына қатысты, тамақтану процесін ұйымдастыруды бағалады, тамақтануды ұйымдастыру тәртібін және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкестігін реттейтін құжаттаманы тексерді. Комиссияның бағалауы бойынша лицейде тамақтануды ұйымдастыру барлық қажетті талаптарға сәйкес келеді; дайын тағамдардың дәмдік қасиеттері жағымды пікірлер алды.