9-11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиаданың Республикалық кезеңі аяқталды. Жаратылыс-математика және қоғамдық -гуманитарлық пәндер бойынша олимпиада Астана, Қостанай, Павлодар, Өскемен қалаларында өткізілді. ЛОРД лицейінен Республикалық кезеңге 20 оқушы қатысып, 5 оқушымыз жүлделі орынға ие болса: Бариев М. -1 орын (ағылшын тілі), Каримов А. -2 орын (география), Шакирова Р. - 2 орын (химия), Пашкова Е. - 3 орын (ағылшын тілі), Адамян М. - 3 орын (құқық негіздері), 4 оқушымыз ерекше жетістігі үшін Грамотаға ие болды: Атантаев М. (химия), Амангелді Д. (биология), Васильева В. (орыс тілі мен әдебиеті), Усольцева А. (орыс тілі мен әдебиеті). Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге және оларды дайындаған пән мұғалімдеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз!