2024 жылғы 24 сәуірде 5-6 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың Республикалық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты - дарынды оқушыларды қолдау, олардың ғылымға қызығушылығын ояту және зияткерлік бейімділіктерін дамыту болып табылады. Аталған олимпиадаға ЛОРД лицейінен 3 оқушы қатысып, Амангелді Әділхан 5А сынып оқушысы (Қазақстан тарихы) 1 орын, Батенко Тимур 6Б сынып оқушысы (жаратылыстану) 1 орын, Евтушенко Арина 6А сынып оқушысы (орыс тілі) 3 орынды иеленді. Жеңімпаздар мен оларды дайындаған пән мұғалімдерін жеңістерімен құттықтаймыз!