RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ЛОРД» КММ сайтына қош келдіңіздер

02.04.2024 ж. лицейде 7-11 сынып қыздарының жоғары санатты дәрігер-гинеколог, «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК акушерлік-гинекологиялық бөлімшесінің меңгерушісі М. В. Тимофеевамен кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты жасөспірім қыздардың гигиеналық және рухани мәдениетін тәрбиелеу, сондай-ақ репродуктивті денсаулықты сақтау мен нығайтуға ықпал ететін дағдыларды үйрету болды.
Марина Валерьевна өтпелі жастағы қыздың денесінде болатын физиологиялық өзгерістер, жыныстық жетілудің негізгі кезеңдері туралы айтты. Әңгімелесу барысында оқушыларға дене гигиенасы, киім-кешек, тамақтану бойынша ұсыныстар берілді, олардың денсаулығына қатысты мәселелер ашылды. Дәрігер оқушылардың назарын ерте кезеңдерде әртүрлі ауруларды анықтау мақсатында дәрігерге уақтылы барудың маңыздылығына аударды.
Оқушылар қызықты және сенімді әңгімелесу үшін дәрігерге алғыс айтты.