3 сәуірде Лорд лицейінің базасында «1000 мектеп» жобасы аясында бекітілген 5 мектептің педагогтары үшін функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша семинар-практикум өтті. Лицей педагогтары білім алушылардың тілдік құзыреттіліктерін жетілдіру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Қонақтар жұмысқа ынтамен кірісіп, «Оқу мектебі» жобасының стендтерінде өздерінің оқу ұсыныстарын қалдырды. Семинарға әдіскер Успанова Жайнагуль Балдырхановна қатысты.