«Забота» лицей өзін-өзі басқару комитетінің қатысушылары кезекті рет «Мейірімділік керуені» республикалық байқауының «Мейірім жолында» номинациясы бойынша алғыс хаттарды тапсыру рәсіміне қатысты . Сондай-ақ, комитет басшысы, лицейдің әлеуметтік педагогы Зура Болатовна Накенова алғыс хатпен марапатталды. «Мейірімділік керуені» республикалық байқауы халықтың азаматтық бастамаларын жандандыруға және мейірімділік, қамқорлық және гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
«Забота» комитетінің қатысушылары екінші жыл қатарынан лайықты марапатқа ие болғаны қуантады. Марапатпен құттықтаймыз және жаңа бастамалар мен қайырымдылық жобаларында сәттілік тілейміз!