28 ақпан күні 2-4 сынып оқушыларына арналған «Кемел ұрпақ» облыстық математикалық турнирі өтті. Турнирдің мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру, математикадан білімдерін тереңдету. Олимпиадаға ЛОРД лицейінен аудандық кезеңде жоғары ұпай жинаған 3 оқушы қатысты. Облыстық кезеңнің нәтижесі бойынша 2-сынып оқушысы Мардасова Мария 3 орынды, 3-сынып оқушысы Михайлов Кирилл 3 орынды иеленді. Жүлдегерлер мен оларды дайындаған мұғалімдерді жеңістерімен құттықтаймыз!