Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының жұмысы аясында 26 қаңтар күні «Қажеттілік» пен «қалау» арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтауға болады» атты 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған онлайн-кездесу өтті. Кездесу барысында жасөспірімнің қажеттіліктері мен тілектері, оның мінез-құлқындағы ақаулардың белгілері жайлы ата-аналар ой бөлісті. Сонымен қатар жағымсыз эмоциялармен жұмыс істеу алгоритмі, өзін-өзі реттеу әдістері және құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары ұсынылды.