ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІН ҚР ІІМ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ!
17 қаңтар күні 10-11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру бойынша кездесуі өтті.
Кездесудің тақырыбы - оқушыларды ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына түсу тәртібі туралы ақпараттандыру және жұмысқа орналастыру.
Петропавл қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ерлан Кәрібаев оқушылар алдында сөз сөйлеп, ҚР ІІМ ведомстволық жоғары оқу орындарына түсу және болашақ түлектерді полиция органдарына одан әрі жұмысқа орналастыру шарттары туралы айтты. Полиция подполковнигі жастарды полиция академияларындағы оқу процесінің ерекшеліктері туралы, сонымен қатар үміткерлерге қойылатын талаптар туралы хабардар етті.
Академияда артықшылықтар жеткілікті: тегін оқу және тамақтану, мемлекет есебінен тұрғын үйді жалға алу, тегін киім нысаны, шәкіртақы алу, ал болашақта - жоғары жалақы және жұмысқа орналасу. Оқытуды мемлекеттік және орыс тілдерінде алуға болады.
Болашақта курсанттардың ғылыми қызметпен айналысуға мүмкіндігі бар. Сөз сөйлеу барысында балалар сұрақ-жауап форматында сұрақтарын қойды. Кездесу соңында түлектерге ҚР ІІМ жоғары оқу орындарында оқу үдерістері туралы үш бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық буклеттер таратылды.