«Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмысы аясында лицейдің әлеуметтік педагогы З.Б. Накенова «Балалардың қауіпсіздігі-ата-аналардың жауапкершілігі»тақырыбында әңгіме өткізді. Отбасы мен мектептің маңызды міндеті - баланы өзіне және айналасындағыларға жауапкершілікпен қарауға, қауіптерді болжай және тани білуге, жеке қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтауға, төтенше жағдайларда мінез-құлық үлгілерін жасауға үйрету. Ересектердің балаларға қатысты негізгі жауапкершілігі-балалар өміріне және денсаулығына қауіп төндірмей өмір сүре алатын және дами алатын қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету.