29 желтоқсанда Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы аясында 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Менің жасөспірім балам» бейнеконференциясы өтті. Конференция бағдарламасына келесі сұрақтар қарастырылды: жасөспірімнің психофизиологиялық ерекшеліктері және олардың баланың мінез-құлқындағы көріністері, жасөспірімдер күн тәртібі, өзін-өзі бағалауға әсер ететін факторлар, жасөспірім балаларды тәрбиелеудегі негізгі қателіктер және жасөспіріммен тиімді қарым-қатынас жасаудың 12 ережесі.