28 желтоқсанда 11-Б сыныпта командалық жұмыс дағдыларын дамыту бойынша ойын-тренинг өтті. Сыныпта үш адамнан тұратын 5 команда құрылды. Ойын шарты бойынша 20 минут ішінде макарон-спагетти мен кішкентай зефирлерді пайдаланып ең биік мұнара салу керек болды. Тапсырма оңай болған жоқ. Әр команданың мұнаралары әр түрлі болды! Бірақ барлық балалар түпкі мақсатқа жету үшін командада жұмыс істеуді, бір-бірін тыңдай және ести білуді үйрену керек екенін түсінді! Ең үлкен мұнараның биіктігі 106 см болды! Оны Деткин Данил, Атантаев Мансур және Осадец Александр салған.
Іс-шара соңында әр оқушы Аяз Атадан сыйлық алды.