30 Қарашада “5-сынып оқушыларының жас және жеке ерекшеліктері” психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумы өтті.
10-12 жастағы балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, консилиумда оқушылардың бейімделу және оқу мотивациясының деңгейлері айқындалды, әр балаға кешенді көзқарас қалыптастырылды, тиісті ұсынымдар әзірленді. Консилиум нәтижелі өтті. Әр мұғалім өздеріне қойылған сұрақтарға жауап таба алды, бұл мұғалімдер үшін 5 сынып оқушыларымен жұмыс істеуге көмектеседі.