12 қарашада ЛОРД интернатының тәрбиеленушілері "Теңге" ұлттық валютасының 30 жылдығына арналған зияткерлік ойынға қатысты. Іс-шара Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өтті. Бірлескен тәрбие іс-шарасы қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге және мемлекеттік рәміздерге деген терең құрметті қалыптастыруға ықпал етіп қана қоймай, ЛОРД және НЗМ мектептерінің оқушылары арасында достық қарым-қатынасты орнатуға мүмкіндік берді.