13 қыркүйекте ЛОРД лицейінің базасында Өрлеу курсанттары үшін практикалық сабақ өтті.Облыс мектептерінің директорлары мен директорлардың орынбасарларын дарынды балаларға арналған мектептің оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктерімен директор Г. Ш. Жаканова таныстырды. Тәлімгерлікті ұйымдастыру туралы директордың орынбасары А. Х. Ромбаева айтып берді. Курсанттар жас мамандарының: әлеуметтік педагог З. Б. Накенованың, химия пәнінің мұғалімі Т. А. Горшкованың, информатика пәнінің мұғалімі В. Н. Ибрагимовтың, география пәнінің мұғалімі Р. Р. Гиричевтің өзін-өзі таныстыруларын үлкен қызығушылықпен тамашалады.