ЛОРД лицейінде 2023 жылдың 4 қыркүйек күні Қазақстан халықтарының тілдер онкүндігінің ашылуы өтті. Бұл іс-шараға 1-11 сынып оқушылары қатысты. Сонымен қатар тілдік пәндер мұғалімдері белсенді болды. Олар оқушыларды лицейдің негізгі кіреберісінде әртүрлі тілде қарсы алды.
Бұл күні мұғалімдер қызықты да мәнді жарыстар ұйымдастырды. Оқушылар шығармашылық тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, жүлделерге ие болды. Мұғалімдер мен лицеистерге мектепке кірер бетте, қолайлы жағдай жасалды, үш тілде әсем әуендер қосып, көңіл күйді көтеріңкі етті. Сонымен қатар тілдер онкүндігіне арналған танымдық стенд орнатылды. Іс- шаралар жоғары деңгейде өтіп, оқушылар мен мұғалімдерге жақсы әсер қалдырғанын атап өткіміз келеді.